Ауған соғысына - 30 жыл!
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы.
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғаБна емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Биыл Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толып отыр.Осыған орай мектебімізде өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз Төлеген Рашидұлы Садуовпен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Асқар Құрманғалиұлына берілді.Ары қарай келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауы көрермен қауымының назарларына ұсынылды.Ауған соғысы жайлы және Жамбыл ауданы бойынша ауған соғысының ардагерлері туралы бейнероликтер көрсетілді.Төлеген ағамызбен шағын сұхбаттасу өткізіліп,оқушылар қызықтырып тұрған сұрақтарына анық жауаптарын алды.
Осындай ерлік көрсеткен барлық ағаларымызға ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларына бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!