Ата-аналар конференциясы
Баян жалпы орта білім беру мектебінде 1-10,және 11 - сынып ата-аналары үшін "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата ана:өз балана үлгі бол" атты тақырыбында республикалық ата аналар конференциясы өтті.Аталмыш жиын барысында мектеп директоры Асқар Құрманғалиұлы Сұрағанов өз сөзінде ата-аналарға сапалы білім беру мен саналы ұрпақ өсіруде мектеп-ата-ана-бала болып бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.
Конференция бес тақырып бойынша қарастырылды. «Әр тақырыптың маңызы оразан зор екендігін айтып өту өте маңызды. Себебі, мақсат: жасөспірім шақта балаға назар аудару, қамкорлық көрсету керектігін түсіндіру» – дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахметжанова Римма Вагизовна.
Сонымен қатар, конференцияда мектеп психологы Найманова Арайлым Айтмұрзақызы өзекті тақырыптарға тоқталып өтті. Оқушылардың ата-аналарымен «Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері», «Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады?», «Қауіпті ақпарат көздері, Интернеттегі қауіпсіздік», «Оқушының психологиялық денсаулығын сақтау», «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу» т.б тақырыптар талданып, ұсыныстар берілді.Сергіту сәті ретінде психологиялық тренингтер өткізді. Ең бастысы ата-анаға отбасылық құндылықтарды мысал ретінде көрсетіп, баламен қалай жұмыс жүргізу керек екенін айтты. Жиналған ата-ана конференцияға жоғары баға беріп, пікір алмасты. Иә, әрбір бала- ата-анасының айнасы. Әрбір мұғалім-мектебінің айнасы. Енді осы үшеуі тығыз байланысып,тек жақсы жағынан көрінсе дейміз.