Отбасы күні!
Жоспарланған жоспар бойынша биылғы жылы қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай,мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді.1-4 сынып аралығында асфальтта суреттер байқауы өтті. «Менің Отбасым» тақырыбында әр оқушы өзінің отбасын сурет бетіне салып,олардың жылы жүзін аша білді.» Сүйспеншілік тұратын үй» отбасы суреттерінің байқауы өтті.10-сынып оқушысы Рсжан Думан өз анасының суретін ақ қағазға түсірді. Бастауыш сынып және де орта буын аралығында дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Әкем-шешем және мен отбасымыз спортшыл» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен жарыс өткізді.1-орынды Шакабаевтар отбасы және 2-орынды Ташеновтар отбасы жеңіп алды.Жеңімпаздар мақтау қағаздармен,сыйлықтармен марапатталды.9 қыркүйек күні Денсаулық күніне байланысты 1-11 сынып аралығында спорттық ойындар өткізілді.Шараның соңы флешмобқа ұласты.
Қазақ тілі пәні мұғалімдері жоғары сынып оқушыларынан «Мен және менің отбасым»тақырыбында шығарма жұмыстарын алды.Оқушылар отбасының жарастығы туралы өз ойларын аша білді.9-11 сынып оқушылар арасында «Отбасылық тәрбие»дөңгелек үстел өткізілді.»Отбасы,осы сөзде қанша мағына»тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді. Психолог 9-10 сынып оқушылармен «Отбасы өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Отбасылық тәрбие беру жөнінде кеңес беру мақсатымен,ата-аналарға ашық есік күні жарияланды.Ата-аналармен кеңес өткізілді.Жыл бойына ата-аналармен жұмыс жүргізу өз жалғасын табуда.