"Мектепке жол" акциясы
2017 жылдың 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Баян жалпы орта білім беру мектебінде ‘’Мектепке жол ’’ атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты –аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларының мектепке, оқуға келулеріне жағдай жасау,яғни материалдық көмек көрсету.”Жалпыға бірдей оқу қорынан”аз қамтылған отбасыларының балаларына 27 550 теңге көлемінде оқуға қажетті құрал жабдықтармен , киім кешекпен көмек көрсетілді. Бұл игі шара біздің мектепте де жалғасын тауып, жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Баян орта мектебінде “Мектепке жол” акциясын өткізу бойынша мектеп ұжымының кеңесі өткізілді. Тамыз айында мұғалімдермен өткізілген педагогикалық кеңестің басты мақсаты, мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, ыстық ,қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету , көп балалы отбасылардағы және аз қамтылған отбасылардағы оқушылардың мектепке келуін ерекше бақылауға алу. Ауданнан келген жоспарға байланысты стенд жасақталды. Стендке аудандық және мектепішілік «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы құжаттар ілінді. «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар арасында рейдтар өткізілді. Оқушының оқуға даярлығын анықтау мақсатында сынып жетекшілер оқушыларының үйіне барды. Әр мұғалімге аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан бір оқушыдан бекітілген. Жалпы аз қамтылған,көп балалы отбасыларынан 16 бала тіркелген. Ұстаздар өздеріне бекітілген оқушыларға киім кешек беріп,қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп , оқуға келулеріне жағдай жасап, 27 550 тенге көлемінде қаржы жұмсалды. Өйткені, бала өмірдің гүлі, сондықтан оның өсіп жетілуі үшін оқып, білім алуы қажет. Осыған біздер қол ұшын беруге борыштымыз.