Баян орта мектебінің түлектері
Баян орта мектебін жарты ғасырдан астам бұрын түлеп ұшқан "Алтын медаль" иегерлері Таңат Сүгірбаев,Қарақат Шалабаев,Ботакөз Байқасова,Қ.Қадырбаева,К.Байсарина,сонымен қатар "Күміс медаль" иегерлері Ілияс Калин,Жамбыл Тасеменов,Қ.Абдірахманов 25 мамыр күні алтын ұяларына атбасын тіреп,үлкен кездесу баяндықтарды қуанышқа бөледі.Мектеп директоры Сұрағанов Асқар Құрманғалиұлы қонақтарды "Атамекен" ұйымына саяхат жасатып,жинақталған мәдени асыл мұралармен таныстырды.Дөңгелек үстелде бас қосқан елдің елеулі,қалаулы азаматтары өткен күндердегі белгілерді еске алып,арқа-жарқа болды.Естелік суретке түсті.Амангелді ауылының тумасы,осы мектепте білім алған Қарақат Шалабаев "Ән-жыр тұнған Гүлтөбе" атты жаңадан жарыққа шыққан кітабын сыйға тартты.Қонақтарымыз сөз сөйлеп,қалаң қазақ елімізге амандық-саулық,болаттай берік,мұқалмас денсаулық,түлектердің ата-аналары мен ұстаздардың арман-тілектері мен үкілеген үміттерінің ақталуына тілектес болды.
Баян орта мектебінің 1963 жылғы түлегі, "Алтын медаль" иегері,Педагогикалық еңбек ардагері Қ.Қадырбаеваның "Алтын ұям - Баян" арнау өлеңі:
Алтын ұя Баянымның мектебі,
Талай жастар осы жерде көктеді,
Шәкірт болып білім алған түлектер,
Болашаққа осы жерден беттеді.
Есейдік өтті күндер дүбірменен,
Еске аламын соның бәрін бүгінде мен.
Ризамын кездесуге бүгінгі күн,
Нұр жүздер жайнай берсін күлімдеген.
Бәріміз оқушымыз мектебіме,
Қарамай талай жылдар өткеніне.
Шақырғасын еркелеп келіп қалдық,
Өкінбен жастық өтіп кеткеніне.
Мейлі батыр,мейлі ғалым,данамыз,
Бәрібір біз туған жерге баламыз.
Қайда болсын аман болып жүрейік,
Қартаймасын жүрек пенен санамыз,
Егде жас түлектер бәрі осында.
Күн кешкен жастығымыз жарасымды,
Ұзақ өмір тілеймін баршаңызға...
Жасауға нәсіп етсін бір ғасырда.
Баян орта мектебінің 1963 жылғы түлегі, "Алтын медаль" иегері,Педагогикалық еңбек ардагері Қ.Қадырбаеваның "Алтын ұям - Баян" арнау өлеңі:
Алтын ұя Баянымның мектебі,
Талай жастар осы жерде көктеді,
Шәкірт болып білім алған түлектер,
Болашаққа осы жерден беттеді.
Есейдік өтті күндер дүбірменен,
Еске аламын соның бәрін бүгінде мен.
Ризамын кездесуге бүгінгі күн,
Нұр жүздер жайнай берсін күлімдеген.
Бәріміз оқушымыз мектебіме,
Қарамай талай жылдар өткеніне.
Шақырғасын еркелеп келіп қалдық,
Өкінбен жастық өтіп кеткеніне.
Мейлі батыр,мейлі ғалым,данамыз,
Бәрібір біз туған жерге баламыз.
Қайда болсын аман болып жүрейік,
Қартаймасын жүрек пенен санамыз,
Егде жас түлектер бәрі осында.
Күн кешкен жастығымыз жарасымды,
Ұзақ өмір тілеймін баршаңызға...
Жасауға нәсіп етсін бір ғасырда.