Ашық сабақ
Баян жалпы орта білім беру мектебінде 8-сыныпта "Мамандық" атты тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру,сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.Сабақтың басында мұғалім оқушылармен бірге мамандыққа қатысты тренинг өткізді.Оқушыларға "Кім боламын?" тақырыбында эссе жазу үй тапсырмасы болды.Әрбір оқушы өз жұмыстарын оқып шықты.Сабақ барысында "Мен айтайын", "Не құнды?", "ABC әдісі", "Жүзіп шығу" әдістері қолданып,слайд көрсетіліп мәтін бойынша жұмыстар атқарылды.Оқушылар диалог құрып бір біріне сұрақ қойды.Әр-түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды. Ашық сабақты өткізген қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бегалина Рита Шерияздановна.