Ұстаздар күні!
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған " Ұстазым - алтын діңгегім” атты концерттік мереке мектептің акт залында аталып өтті.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ететін мектеп оқушылары мерекеге бар ынталарын салып, қызықты да мәнді бағдарлама ұыймдастырды. Бұл мерекеде мектептің әрбір оқытушысы үлкен құрметке бөленіп, өздеріне арналған музыкалық шашуға тәнті болды. Осынау айтулы күні мектеп әкімшілігі жас ұрпақты тәрбиелеуде атқарған ерен еңбектері үшін Наурызбаева Ботагоз Сарсимбаевнаны,Садуова Кульзира Рашитқызын,Кожукеева Гульжан Абаевнаны,Шакабаева Айымгүл Сериковнаны,Ахметжанова Римма Вагизовнаны,Жакубаев Қайырбай Аубакировичты және т.б алғыс хаттармен марапаттады.
Мектеп оқушылары ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел өткізді.
Ұстаздарымыз сахна төріне шығып,оқушылардың дайындаған тапсырмаларын орындап, әртүрлі педагогикалық жағдайларды кәсіби түрде шеше алатын білікті мамандар екендіктерін жоғары деңгейде көрсете білді.Бұл күні барлық ұстаздар раушан гүл шоқтарына ие болып, өздерінің ең керемет маман иелері екендеріне тағы бір мәрте көз жеткізген еді.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.